«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Амандық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
14 ақпанда Келлер ОМ КММ базасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 34 жылдығына арналған ауданның "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтары арасында спартакиада өтті. Амандық орта мектебінен 4 оқушы қатысты. Әскери жетекшісі: Ақылтай Ашкенович
#Жауынгер_интернационалист 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні – ауған ардагерлерінің мерекесі, осы күні жоғары сынып оқушыларымен әңгіме сұхбат жүргізіліп, қаза тапқан барлық жауынгер- интернационалистерді еске алдық. Амандық ауылдық округінің әкімі Тасымов Н.К 10 сынып оқушысына тіркеу куәлігін табыстады. Іс-шараны бастапқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы Шарипов А.А. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Якияев А.Ж өткізді.