«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Амандық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді. «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады.
Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету Өткізілетін күні: 26.01.2024 ж. Уақыты: 12:00 «Қазақ есебі» челленджі білім беру ұйымдарында бір уақытта А.Жұмаділдаевтің ұсынған есептерін шығаруды қамтиды #менматематикпін #математикажәнеөмір #есепшығару